Демалыс күндері Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

14 Сентября, 2018, 12:39 4157
Демалыс күндері Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі |  | BNews.kz

Тек еліміздің шығысында дүйсенбі күні жаңбыр жауады деп болжануда.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы демалыс күндері Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

"Қазақстанның көптеген облыстарында ауа-райын бұрынғыдай антициклон анықтайтын болады, ал Батыс Сібірден келіп жатқан суық ауа ағыны жауын-шашынсыз салқын ауа-райын, климаттық нормадан төмен температураны сақтап қалады", - делінген хабарламада.

Кей жерлерде жаңбыр дүйсенбі күні республиканың шығысында, сондай-ақ Ресейдің Еуропалық бөлігінен циклонның жақындауымен батыс облыстарында да күтіледі.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13925

Похожие новости