Демалыс күндері Қазақстанда бұлтты және жауын-шашынды ауа райы күтіледі

19 қазан, 2018, 12:46 3758
Демалыс күндері Қазақстанда бұлтты және жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Ол Қазақстан арқылы өтетін суық атмосфералық фронттармен байланысты.

20-22 қазанда Қазақстан облыстарының басым бөлігінде күн бұлтты болып, қар жауады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Күн бұлтты және жауын-шашынды, әсіресе қар түрінде, осындай ауа райы демалыс күндері республиканың көптеген облыстарында күтіледі. Ол Қазақстан арқылы өтетін суық атмосфералық фронттармен байланысты", - деп түсіндірді синоптиктер.

Алайда, "Қазгидрометтің" ақпаратынша, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жоғары атмосфералық қысым аясында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады, дегенмен оңтүстік-шығыста алдағы түнде кей жерлерде қар жаууы мүмкін.

"Ауа температурасы осы кезеңге қалыпты температураға дейін, яғни күндіз ауа температурасы плюс 13…20°С дейін жылынады", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар