Демалыс күндері Қазақстанның орталық және шығыс облыстарында жаңбыр жауады

24 Августа, 2018, 13:10 2978
Демалыс күндері Қазақстанның орталық және шығыс облыстарында жаңбыр жауады |  | BNews.kz

Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

25-27 тамызда Қазақстанның солтүстік өңірлеріне келетін циклонға байланысты күн бұлтты болады, деп хабарлайды BNews.kz  "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Осы циклонға байланысты алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр жауып, күн күркіреп, дауыл соғады. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік облыстардың кей жерлерінде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Республиканың басқа өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы көп жылғы орташа нормаға сай келеді, кей жерлерде қалыпты көрсеткіштен 2-4 градус төмен болуы мүмкін. 25 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр күтіледі. Өңірдің бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, тұман түседі, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Күндіз желдің екпіні 25 м/с айналасында болады. 25 тамызда Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Сондай-ақ, дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан екпіні 15 м/с-ке жететін жел соғады. Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13860

Похожие новости