Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады - Жаңалықтар | BNews

Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

20 шілде, 13:33 3027
Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

Кей жерлереде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

21-23 шілде аралығында Қазақстанның солтүстік-шығыс және шығыс облыстарына жоғарғы циклон жылжып, кей аймақтарда жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жауып, күшті екпінді жел және температураның төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Бұл циклонның әсері республиканың солтүстік, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы ауа-райына да таралады. Мұнда кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауып,  желдің екпіні 15…23 м/с дейін жетеді деп болжануда. Ауа температурасы сондай-ақ солтүстікте төмендейді және орталық аймақтарда осы мезгіл үшін 2...3 градусқа әдеттегіден төмен болады. Сондай-ақ республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батысында температураның төмендеуі күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары