"Демалыста екеумiз Алматыға жетермiз!" акциясы жалғасуда

06 тамыз, 2018, 16:35 1747 Алматы

Алматыда қазақстандық туристерге 5 негізгі бағыт ұсынылады.

Алматыда "Демалыста екеумiз Алматыға жетермiз!" ұранымен туристер мен Қазақстанның өңірлерінен келген қонақтарды демалыс күндері мен каникулдарын мегаполисте өткізуге тарту бағытындағы ауқымды республикалық акциясы өтуде, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция 5 негізгі бағытты алға тартып отыр: адам аяғы баспаған табиғат, ойын-сауық және түнгі өмір, көрікті жерлер, гастрономия және сауда.

Бұл саяхатқа шығу үшін Алматыны таңдау мүмкіндігін алға жылжытуға бағытталған екінші ақпараттық толқын. Біріншісі қала тұрғындарына арналып, "Қалаңызды жақсы біліңіз!" деп аталды.

"Біз "Демалыста екеумiз Алматыға жетермiз!" шарасын мамыр айының соңында іске қостық, ал ол қыркүйек айында аяқталады. Бұл кезең кездейсоқ таңдап алынбады, өйткені жаз - демалыстар мен каникул күндері. Бұған қоса, ішкі туристердің 70% мамыр айынан қазан айына дейін келеді.

Сонымен қатар, бұл қала тұрғындарымен бірге бүкіл қыркүйекке созылатын Қала күнін мерекелеу үшін тамаша мүмкіндік.

"Біз барлық қазақстандықтарды еліміздің әртүрлі аймақтарынан Алматыға келуге шақырамыз, барлық өзгерістер мен жаңалықтарды тамашалайсыз, оның ішінде Панфилов көшесіндегі атақты жаяу жүргіншілер көшесінің бойымен серуендейсіз", - деді Visit Almaty Туристік ақпараттық орталығының директоры Камила Лұқпанова.

Спикер түсіндіргендей, науқан дегеніміз көзге көрінерлік безендіруден бастап туристік өнімдерге дейін кешенді іс-шараларды көздейді.

"Алматы бұрынғысынша тау туризмінің орталығы, қарқынды демалыс, мәдениет, сауда және гастрономиялық туризм орталығы болып табылады. Бұл шын мәнінде бірегей орын, мұнда барлық табиғи аймақтар үйлескен: таулар, көлдер, далалар, шөлдер. Мысалы, біздің өңірде "Алтын Емел" ұлттық саябағы бар, ол өзінің бірегей тауларымен және ерекше әуендететін барқанымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бізде Көлсай, Қайыңды, Есік, Үлкен Алматы көлдері бар. Бұл тізімді ұзақ уақыт бойы жалғастыруға болады. Сондықтан біз қазақстандық туристердің ел ішінде толыққанды демалыс өткізгенін қалаймыз", - деп қорытындылады Камила Лұқпанова. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауында Үкімет виза мәселелерін жеңілдетуді, инфрақұрылымды дамытуды және туризм саласындағы кедергілерді алып тастауды қамтитын кешенді шаралар қабылдауы керектігіне баса назар аударған болатын. 

Қазақстан Президентінің айтуынша, жалпы алғанда, өңірлік саясат өңірлердің шығындарын теңестіруден жеке табыстарының өсімін ынталандыруға бағытталуға тиіс. Атап айтқанда, бүгінде әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырған сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм кез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып саналады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар