Денис Тен ісі бойынша прокурор екі сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

16 қаңтар, 2019, 13:04 1758
Денис Тен ісі бойынша прокурор екі сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурордың айтуынша, күндіз, халықтың көзінше адам өлтіру қылмысына заң бойынша ең ауыр жаза қолданылуы керек.

Алматыда спортшы Денис Теннің өлімі бойынша сот отырысында жарыссөз өтіп жатыр. Сот барысында прокурор үш сотталушыны жалпы алғанда 44 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

"Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Күндіз, халықтың көзінше адам өлтіру қылмысына заң бойынша ең ауыр жаза қолданылуы керек. Осы қылмыс қоғамдық тəртіпті сақтау саласындағы көптеген мəселелерді ашты. Жүргізілген сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушыларға тағылған айып толығымен дəлелденді деп санаймын. Арман Құдайбергеновті ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі, 192-бабының 2-бөлімімен, 99-бабының 2-бөлімімен айыпты деп тауып, оны түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыруыңызды сұраймын. Нұралы Қиясовты ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімімен, 99-бабының 2-бөлімімен айыпты деп тауып, оны түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Екеуінің əрқайсысынан 30 АЕК  көлемінде айыппұл өндіруді сұраймын. Жанар Толыбаеваны жүктілігі мен 4 жастағы баласының барын ескере отырып, ҚР ҚК 58-бабын қолдана келе ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі, 434-бабымен айыпты деп тауып 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Ол жазасын орта қауіпсіздіктегі жазалау орнында өтесін", - деді прокурор Қуандық Досов.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Алматы #Денис Тен #прокурор

Читайте также

Похожие новости