Денис Тен туралы кітаптың электрондық нұсқасын оқуға болады - Жаңалықтар | BNews

Денис Тен туралы кітаптың электрондық нұсқасын оқуға болады

25 шілде, 20:18 2233 Астана
Денис Тен туралы кітаптың электрондық нұсқасын оқуға болады

"Біздің Денис" кітабы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша жарияланды.

"Біздің Денис" кітабының электрондық нұсқасын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтынан оқу мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды BNews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ҚР Ұлттық кітапханасы қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қаза табуына байланысты "Біздің Денис" деп аталатын кітап басып шығарды.

Кітапта спортшының өмірбаяны, жарқын сұхбаттары, сондай-ақ ел, отбасы және өмір туралы айтылған пікірлері келтірілген. Онда Денистің сирек кездесетін және жарыстар мен әр түрлі іс-шаралардан естелік фотосуреттері, сондай-ақ әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың естеліктері бар.

Кітаптың электронды нұсқасын  www.mks.gov.kz сайтынан да оқуға болады.

Бұған дейін алдағы уақытта аталған кітапты тағы да толықтырылып, 2000 дана таралыммен шығару жоспарланып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша Денис Тен туралы барлық маңызды ақпарат жинақталып, бір түннің ішінде кітап ретінде басып шығарылған және Астанадағы Барыс-Арена спорт кешенінде өткен спортшымен қоштасу рәсімінде таратылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары