Денис Тенді өлтіргендерге сот үкімі шығарылды

17 Января, 2019, 18:23 3062
Денис Тенді өлтіргендерге сот үкімі шығарылды |  | BNews.kz

Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты 18 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды, ал Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Алматыда өтіп жатқан Денис Теннің өлімі бойынша  бүгін айыптыларға сот үкімі шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Судья Кеңшілік Әбілдинов ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімінің 2 тармағы, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімінің 1, 4-тармақтарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған Арман Құдайбергеновті 18 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге үкім етті.

Екінші күдікті Нұралы Қиясовты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен айыпты деп табылып, 18 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеу туралы үкім шығарылды. 

Сонымен қатар, ҚР ҚК 434-бабымен айыпталған Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу туралы сот үкімі шығарылды. Сонымен қатар, сот Толыбаеваны  ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша ақтау туралы шешім шығарды.

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00-дер шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.

Бірақ Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын. 2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері Теннің өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері  қайтыс болды.

Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Кейіннен спортшының өліміне қатысы бар күдіктілер  ұсталып, қылмыстарын мойындады.  

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Денис Тен ісі бойынша прокурор екі сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Прокурордың айтуынша, күндіз, халықтың көзінше адам өлтіру қылмысына заң бойынша ең ауыр жаза қолданылуы керек.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13850

Похожие новости