Денис Тенді өлтірген күдіктінің қатысуымен тергеу экспериментінің видеосы жарияланды

20 шілде, 2018, 13:55 3493 Алматы
Денис Тенді өлтірген күдіктінің қатысуымен тергеу экспериментінің видеосы жарияланды

Күдікті өтіп жатқан адамдардан жүзін жасыру мақсатында бетін қолымен жауып жатыр.

Әлеуметтік желілерде Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша күдіктінің қатысуымен оқиға орнында тергеу экспериментінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz.

Жас жігіт оны видеоға түсіріп өтіп бара жатқан адамдардан жүзін жасыру мақсатында бетін қолымен жауып жатыр.

Ол бүгін ұсталды. Күдікті 24 жастағы Жамбыл облысының тумасы – Қиясов Нұралы. Ол өзінің жасаған қылмысын мойындады. Денис Тенді өлтірді деген күдікті екінші адамның да кім екені анықталып, іздестіріліп жатыр. Болжам бойынша ол Қызылорда облысының тумасы – Құдайбергенов Арман Бөрібайұлы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар