Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілдеде өтеді

20 шілде, 2018, 10:56 3176 Алматы
Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілдеде өтеді

Қоштасу рәсімі сағат 10:00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында басталады.

Белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 шілде күні  сағат 10:00-де Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді, деп хабарлайды BNews.kz

Айта кетейік, белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақтан алған жарақатымен ауруханаға 19 шілде күні жеткізілді. Ұрлықшылар үстінен түскен спортшыны қаскөйлер жамбасынан жарақаттаған. Спортшы өте көп қан жоғалтқан. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады. Кейінннен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Денис Теннің қайтыс болғаны туралы хабарлады. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Денис Теннің өліміне байланысты қылмыс жасаған адамның екеуі де анықталды. Әзірге олардың біреуі ғана қолға түсті. Ұсталғандардың бірі қылмыс жасағанын мойындады. 

Қалалық прокуратураның мәліметінше, 1994 жылы Жамбыл облысында туған Қиясов Нұралы ұсталды. Ол өзінің жасаған қылмысын мойындады, осы іске адвокат қатысып отырды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екінші күдіктінің де кім екені анықталды. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады қалалық прокуратурада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар