Денис Теннің өліміне қатысты күдікті қылмысын мойындады

20 шілде, 2018, 10:24 3162 Алматы
Денис Теннің өліміне қатысты күдікті қылмысын мойындады

Қылмыс жасаған адамның екеуі де анықталды. Әзірге олардың біреуі ғана ұсталды.

Денис Теннің өліміне байланысты ұсталғандардың бірі қылмыс жасағанын мойындады, деп хабарлайды BNews.kz

"1994 жылы Жамбыл облысында туған Қиясов Нұралы ұсталды. Ол өзінің жасаған қылмысын мойындады, осы іске адвокат қатысып отырды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екінші күдіктінің де кім екені анықталды. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр", - деп хабарлады қалалық прокуратурада.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда сағат үштер шамасында Денис Тенді автоұрылар жамбасынан пышақтап кетті. Бірнеше сағат бойы оның өмірі үшін арпалысқан дәрігерлер алған жарақатының ауырлығына байланысты оның өмірін сақтап қала алмады. Кейіннен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Денис Теннің қайтыс болғаны туралы хабарлады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар