Депутаттар ЖОО-ның академиялық және басқару дербестігін кеңейтуді ұсынды - Жаңалықтар | BNews

Депутаттар ЖОО-ның академиялық және басқару дербестігін кеңейтуді ұсынды

01 ақпан, 11:38 3234 Астана
Депутаттар ЖОО-ның академиялық және басқару дербестігін кеңейтуді ұсынды

Назарбаев университетінде Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен "Жоғары білім беру жүйесін дамыту перспективалары туралы" дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BNews.kz parlam.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шара "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасын қарау шеңберінде өткізілді.

Заң жобасы "Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының" 78-қадамын іске асыру мақсатында әзірленген. Онда Назарбаев университетінің тәжірибесін ескере отырып, жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту және халықаралық практикаға сәйкес жеке жоғары оқу орындарын коммерциялық емес ұйымдарға трансформациялау көзделген.

Отырыста заң жобасымен жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту ұсынылды.

Атап айтсақ, студенттерді қабылдау тәртібін дербес анықтау, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар санының арақатынасын белгілеу.

Білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын анықтау бойынша құзыретті - академиялық дербестікті беру. Жұмысқа жалдау, мамандықтар мен дайындау бағыттары (білім беру бағдарламалары) бөлінісінде студенттер санын қалыптастыру мәселелерін дербес шешу.

Жоғары оқу орындарының академиялық құрылымды айқындауы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде бірлескен заңды тұлғаларды қоса алғанда, жаңа заңды тұлғалар құру құқығын беру.

Теңгерімді салық салу қағидатын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден кірістерді тарту бойынша құзыретті - басқару дербестігін беру мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және сарапшылар қатысты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары