Депутаттардың аймақтарға сапары басталды - Жаңалықтар | BNews

Депутаттардың аймақтарға сапары басталды

Написать нам
03 қаңтар, 2018, 18:10 2055 Астана
Депутаттардың аймақтарға сапары басталды

Бүгін Мәжіліс депутаттарының аймақтарда сайлаушылармен кездесуі басталды, деп хабарлайды BNews.kz parlam.kz-ке сілтеме жасап.

Халық қалаулылары еңбек ұжымдарымен, қоғам өкілдерімен кездесіп, азаматтарды қабылдап, халықтың жай-күйін тыңдады. Сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарға барды. Сапар барысында Парламент Мәжілісінің депутаттары М. Әшімбаев, Е. Бектұрғанов, Ж. Жарасов, Г. Қарағұсова, М. Чирков, Б. Мамыраев, Е. Бектұрғанов, Ж.Жарасов, Т. Яковлева Астана қаласындағы «Тұлпар-Тальго» зауытының жұмысымен танысты. Кездесуде Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы жолдарды, темір жолдарды салу негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

««Тұлпар-Тальго» зауыты бүгінгі таңда Қазақстанның темір жолын жаңа вагондармен қамтамасыз етіп отыр. Өндірісте біршама вагондардың шығарылып жатқанын көріп отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орын алады. Біздің экономиканы дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етіп, қауіпсіздігімізді сақтау үшін көлік жүйесі мен коммуникацияны дамытуды өзімізге негізгі мақсат етіп қоюымыз керек. Бүгінгі күні елімізде нақты осы саясат жүзеге асырылып жатыр. Осы саясаттың негізінде Қазақстандағы жолдарды, темір жолдарды салу негізгі басымдықтардың бірі болып табылады» - деді.

 Іс-шарада «Тұлпар-Тальго» зауыты директорының орынбасары Владимир Киселев зауыттың өндірістік қуаттары мен ерекшеліктері, испан вагондарын құрастыру кезінде енгізілген инновациялар туралы баяндап, Астанада шығарылған «Тұлпар-Тальго» вагоны Кедендік одақтың барлық елдерінде пайдалануға болатынын, сондай-ақ, Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетінін айтты. Бұдан басқа, зауыттың жұмыс барысы, жалақы мөлшері және басқа да мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, бүгін Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі А. Перуашев пен Е.Никитинская, Б. Дюсембинов, Д.Еспаева кәсіпкерлермен кездесті. Шараға машинажасаушылар, IТ-компаниялар, фармацевтика өнеркәсібі, «Қазхимпром», азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі салаларының өкілдері қатысты. Отырыста Фракция басшысы А. Перуашев кәсіпкерлікті алаңдатқан күрделі мәселелерге тоқталып, отандық өнеркәсіпті қолдаушылардың қажеттілігіне тоқталды. Сондай-ақ, бүгінгі Мәжілісінің депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары аясында Ж.Омарбекова, К. Мұсырман және А. Смағұлов Ақмола облысының Степногор қаласындағы Еуропалық подшипник зауыты қызметкерлерімен кездесті. Онда халық қалаулылары өндіріс цехтарын аралап, кәсіпорынның қуаттылығымен танысып, зауыт жұмысшылары депутаттарға сұрақтарын қойды.

«Біз өндіріс процесін көріп, жұмысшылармен пікір алмастық. Бұл жерде зауыт қызметкерлері үшін барлық жағдай жасалған. Әлеуметтік жеңілдіктермен қоса үш мезгіл аспен қамтылған. Орташа жалақы 130-150 мыңды құрайды. Әр жұмысшыға сапалы медициналық көмек көрсетіледі», - деді өз сөзінде Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова.

Жұмыс сапары барысында халық қалаулыларына қалалық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесіп, медициналық сақтандыру, әйелдердің зейнетке шығу жасы, зейнетақы қорындағы қаражаттың сақталуы турасында бірқатар сұрақтар қойылып, тұшымды жауап берілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар