Димаш Қытайдағы кинофестивальде әйгілі "Титаник" фильмінің саундтрегін орындады

12 желтоқсан, 2018, 10:11 2536
Димаш Қытайдағы кинофестивальде әйгілі

9 желтоқсан күні Хайнань аралында атақты актёр Джеки Чанның бастамашылығымен алғашқы халықаралық кинофестиваль басталды.

Хайнаньда өткен бірінші халықаралық кинофестивальде Димаш Құдайберген Селин Дионның орындауындағы әлемге әйгілі "Титаник" кинофильмінің саундтрегі "My Heart Will Go On" әнін орындады, деп хабарлайды ВNews.kz.

Қазақстандық әншінің жанкүйерлері оның ерекше даусы мен ән орындау шеберлігін атап өте отырып, Димаштың сахнада ән салғаны бейнеленген видеоны әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр.  

9 желтоқсан күні Хайнань аралында атақты актёр Джеки Чанның бастамашылығымен алғашқы халықаралық кинофестиваль басталды. Ол 16 желтоқсанға дейін жалғасады. Оған Димаш Құдайберген құрметті қонақ ретінде шақыртылды. Бұл туралы ол өзінің Іnstagram-дағы парақшасында оқырмандарымен бөлісті.

Кинофестивальге әнші қара смокингпен келді.

"Джеки Чан бастаған бірінші халықаралық кинофестивальдін қызыл кілемінде. Хайнань", - деп жазды Димаш Құдайберген.

ВNews.kz ақпараттық агенттігіне берген бір сұхбатында Джеки Чан Димашты алдында жарқын болашақ күтіп тұрған жарық жұлдыз деп атаған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар