Димаш Құдайберген "Әлем аруының" қазақстандық үміткеріне сәттілік тіледі

8 Декабря, 2018, 13:48 3505
Димаш Құдайберген "Әлем аруының" қазақстандық үміткеріне сәттілік тіледі |  | BNews.kz

2018 жылғы "Әлем аруы" байқауы 8 желтоқсанда Қытайдың Санья қаласында 68-ші рет өткізіледі.

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген өзінің Іnstagram-дағы парақшасында "Әлем аруы-2018" байқауында ел намысын қорғайтын қазақстандық ару Екатерина Дворецкаяға қолдау көрсетті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Дайындықтамыз. Біздің сұлуға сәттілік тілеймін. Алға, Қазақстан", - деп жазды Димаш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 2018 жылғы "Әлем аруы" байқауы бүгін Қытайдың Санья қаласында 68-ші рет өткізіледі. Аталмыш байқауда әлемнің 120 елінен арулар бақ сынайды. "Әлем аруы-2018" конкурсына еліміздің атынан Қазақстанның вице-аруы, қарағандылық Екатерина Дворецкая қатысады.

Бұған дейін Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" халықаралық сұлулық байқауына өзінің суреті бейнеленген ұшақпен келетіні туралы хабарлаған болатынбыз. Димаш Құдайбергеннің атымен аталатын жолаушылар ұшағы Қытай елінің ішкі рейстерінде ұшады.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13850

Похожие новости