Димаш Құдайберген Астана күнінде жеке концертін береді

29 Января, 2019, 17:34 2133
Димаш Құдайберген Астана күнінде жеке концертін береді |  | BNews.kz

Концерт осы жылы жазда "Қазақстан" РТРК қолдауымен өтеді.

Димаш Құдайбергеннің "Арнау" атты жаңа жеке концерті 2019 жылы жазда елордадағы "Астана Арена" алаңында өтеді. Бұл туралы қазақстандық әнші Орталық коммуникациялар қызметінің жаңа студиясында өткен баспасөз мәслихаты барысында айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz

"Алда жоспарлап отырған жеке концертімді Астана күніне сыйлық ретінде барлық қазақ халқына арнағым келеді. Мен мұны бұрыннан жоспарлап жүр едім, енді соны жүзеге асырудың мүмкіндігі туып отыр. Концертім туралы толық ақпаратты өтетін күнге жақындағанда айтып береміз", - деді Димаш Құдайберген.

"Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин "Қазақстан" телерадиокешені телевизиалық және музыкалық ауқымды жобаларды жүзеге асырумен айналысатынын атап өтті. Өткен жылы Димаш Құдайберген Qazaqstan телеарнасының жаңа жылдық бағдарламасының түсіріліміне қатысты. 

"Осы түсірілімге дайындық барысында біз көп әңгімелесіп, араластық. Димаш пен Қанат Айтбаев (Димаш Құдайбергеннің әкесі, автордың ескертуі) өз еліне, өз халқына арналған бөлек ән кешін беру туралы жоспарларымен бөлісті. Бұл қараша-желтоқсанда еді. Сол уақыттан бастап біз осы жобаны талқылауға кірістік. Міне жақында ғана нақты шешім қабылдап, Астана күнінде Димаш Құдайбергеннің үлкен концерттік бағдарламасын өткізудің барлық ұйымдастыру жұмысын бастадық. Бұл өте үлкен, ауқымды концерттік бағдарлама, телевизиалық жоба болады", - деді Ерлан Қарин.

Димаш Құдайбергеннің жеке концерті 4-5 бөлімнен тұратын болады. Бағдарламада қазақтың халық әндері, белгілі қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармалары, сондай-ақ қазіргі заманғы өңдеуде әншінің авторлық әндері айтылады. Көрермендер ашық аспан астында қазақ, ағылшын, орыс, француз, ханзу және итальян тілдеріндегі әндерді тыңдай алады.

Әншінің әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаевтың айтуынша, Астанада өтетін концерт – бұл Димаштың өз халқына деген махаббатының көрсеткіші.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13849

Похожие новости