Димаш Құдайберген Бруклинде өтетін Игорь Крутойдың шығармашылық кешінде өнер көрсетеді

14 желтоқсан, 2018, 11:19 2918
Димаш Құдайберген Бруклинде өтетін Игорь Крутойдың шығармашылық кешінде өнер көрсетеді

"Өмірде 65 жас бір рет қана болады" атты шығармашылық кеш 2019 жылдың 6 қазанында өтеді деп жоспарланып отыр.

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тағы Бруклинде өтетін Игорь Крутойдың шығармашылық кешінде өнер көрсетеді. Бұл туралы ол өзінің Іnstagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Сіздерді Америкада өтетін Игорь Яковлевичтің концертінде күтеміз", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Қазақстандық әншіден бөлек, аталған өнер кешінде Филипп Киркоров, Дима Билан, Николай Басков, Валерий Ленонтьев, Ирина Аллегрова, Алсу, A'Studio, Анжелика Варум, Ани Лорак және тағы басқа да әншілер сахна төрінде ән шырқайтын болады.

"Өмірде 65 жас бір рет қана болады" атты шығармашылық кеш 2019 жылдың 6 қазанында Бруклиндегі "Барклайс орталығында" өтеді деп жоспарланып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар