Димаш Құдайберген Елбасының алдында Алина Сансызбаймен бірге ән шырқады

19 Декабря, 2018, 13:38 1915
Димаш Құдайберген Елбасының алдында Алина Сансызбаймен бірге ән шырқады |  | BNews.kz

Олардың дуэт болып көрсеткен өнерінің видеосы 5000-нан астам қаралым жинаған.

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген ресейлік "Голос. Дети" жобасының финалына қатысушы Алина Сансызбаймен бірге Астанада өткен Тәуелсіздік күніне арналған Елбасы қабылдауында "We Are the World" әнін шырқады, деп хабарлайды BNews.kz.

Бір күн ішінде видеоролик YouTube каналында бес мыңнан астам қаралым жинады.

Мына қызбен балалардың жолы болды, олар Димашпен бірге бір сахнада өнер көрсетіп жатыр", - деп пікір білдірді Flower Rose атымен тіркелген видеохостинг қолданушысы.

Алина Сансызбай ән айтып болған соң Instagram-дағы парақшасында алған әсерімен бөлісті.

"Айтарға сөзім жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, жылы лебізіңіз үшін және Димашпен бірге орындалған еш ұмытылмас дуэт үшін рахмет", - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, Мәскеудегі мемлекеттік Кремль сарайында 2019 жылдың 22 наурызында қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтеді. Билеттер сатылымы басталып та кетті. 

Айта кетейік, билеттердің құны 1000 рубльден бастап 12000 рубльге дейін (5000 теңгеден 60000 теңгеге дейін) бағаланады.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13850

Похожие новости