Димаш Құдайберген қалыңдықпен түскен суретін көрсетті

18 қыркүйек, 2018, 11:57 1392
Димаш Құдайберген қалыңдықпен түскен суретін көрсетті

Әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында ақ көйлек киген қызбен бірге түскен суретін жариялады.

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында қалыңдықпен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.

Димаштың ақ көйлекті бейтаныс қызбен бірге түскен суретіне оның оқырмандары түрлі пікір білдірді.

"Жүрегім ауырып тұр, міне не болып жатыр", - деп жазды akhm.cami.

"Димаш, әлі ертелеу, қыдырып жүре тұр, үлгересің", - деп пікір білдірді aydaromartayev.

"Меніңше, ол қытайлық қыз", - деді adilovaklara.

"Димаш! Сен кімді таңдасаң да, ол сенің таңдауың болады! Бақытты бол және тек өз жүрегіңді ғана тыңда!", - деп жазды 14_saule.

Желіде жарияланған кадрға бірнеше сағат ішінде 50 мыңнан астам лайк басылып, екі мыңнан астам пікір білдірілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар