Димаш Құдайберген Қытайда "Үздік әртіс" атағын жеңіп алды - Жаңалықтар | BNews

Димаш Құдайберген Қытайда "Үздік әртіс" атағын жеңіп алды

29 қаңтар, 10:16 971
Димаш Құдайберген Қытайда

Қазақстандық әнші Global golden chart awards марапаттау салтанатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BNews.kz.

Димаш Құдайберген аталған марапаттау салтанатында жеңіске жеткені туралы өзінің инстаграмдағы парақшасында оқырмандарымен бөлісті.

"Global golden chart awards марапаттау салтанатында мен "Үздік әртіс" аталымы бойынша жеңімпаз атандым. Белгілі себептерге байланысты бүгін сіздердің алдарыңызда өз өнерімді көрсете алмадым. Алдағы уақытта барлықтарыңызды жаңа әндеріммен қуантатын боламын. Түсіністікпен қарағандарыңызға рахмет! Dears! Сіздерді жақсы көремін!", - деді қазақстандық әнші өзінің жазбасында.

Марапаттау рәсімі 27 қаңтарда Бейжіңдегі "Жұмысшылар" стадионында өткен. Музыкалық шараны Қытай, Сингапур, Малайзия және АҚШ-тың Сан-Франциско қаласының ақпараттық агенттіктері бірлесіп жыл сайын ұйымдастырады. 

Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергенов Қытайда өткен "I Am a Singer" шоуына қатысқан соң аса танымалдылыққа ие болды. Кейіннен қазақстандық әншінің керемет дауысына тәнті болған франциялықтар оны Еуропаның танымал телеарналарының біріне құрметті қонақ етіп шақырды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөліскен болатын.

Өткен жылғы желтоқсанның соңында Димаш Құдайбергеннің жүлде қоры тағы бір марапатқа артты. Әнші қытай халқы арасында "Грэмми" жүлдесімен парапар саналатын "Golden mango melody awards" марапатының "Жылдың үздік танымал әншісі" номинациясы бойынша жеңімпазы атанды.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары