Димаш Құдайберген Кремльде Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен ән шырқады

Написать нам
12 қараша, 2018, 17:31 1886
Димаш Құдайберген Кремльде Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен ән шырқады

Қазақстандық әнші "Любовь уставших лебедей" әнін орындады.

Димаш Құдайберген 10 қарашада Мәскеуге ұшып келді, ол Ресейдің құқық қорғау органдары қызметкерлері күніне арналған концертке қатысты. 24 жастағы әнші Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен ән айтып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің сайтына сілтеме жасап.

"Любовь уставших лебедей" әні бірнеше жыл бұрын жазылған. Оны алғаш рет канадалық әнші Лара Фабиан орындады. Әннің сөзінің авторы – Михаил Гуцериев, музыкасын Игор Крутой жазған. 

2018 жылдың қыркүйегінде Димаш Құдайберген Сочиде "Новая волна" байқауында қонақ ретінде және А-Студио тобының отыз жылдығына арналған концертте  өнер көрсетті. Қазіргі уақытта Димаш Қытайда көп концерт қояды.

Еске сала кетейік, 19 қарашада Лондонда әншінің DQ шоуы өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар