Димаш Құдайберген шетел телеарналарында жаңа жылдық бағдарламалардың қонағы болды

1 Января, 2019, 17:48 3061
Димаш Құдайберген шетел телеарналарында жаңа жылдық бағдарламалардың қонағы болды |  | BNews.kz

Димаш үш елдің орталық телеарналарының эфирінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ән орындады.

Димаш Құдайберген Қазақстан, Ресей және Қытай телеарналарында көрсетілген жаңа жылдық бағдарламаларына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.

Әншінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында оның "Россия 1" телеарнасының эфирінде орындаған Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" әнінің жазбасы жарияланда.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Құдайберген Димаш (@dimashkudaibergenov_) on

Сондай-ақ, Димаш Құдайберген "Qazaqstan" ұлттық телеарнасының жаңа жылдық мерекелік бағдарламасына қатысты. Оның қатысуымен түсірілген тағы бір бағдарлама қытайлық "Beijing TV" эфирінде шығарылды, онда қазақстандық әнші "Screaming", "Lively Planet and Moonlight Mama" әндерін орындады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Құдайберген Димаш (@dimashkudaibergenov_) on

2 қаңтарда Димаштың қатысуымен CCTV3 эфирінде "New Year Carnival" бағдарламасы көпшілікке көрсетілмек.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Құдайберген Димаш (@dimashkudaibergenov_) on

"2019 жаңа жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл көптеген жақсылық алып келсін! Көптеген сыңғыр күлкімен қарсы алсын! Әрбір секунд сайын бақыт, Әр бір күн сайын бақыт, әр жыл сайын бақытты болындар. Денсаулықтарың мықты болсын!", - деп тіледі Димаш Құдайберген Instagram-дағы оқырмандарына.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13929

Похожие новости