Димаш Құдайберген сұлулық байқауына өзінің суреті бейнеленген әуе лайнерімен келеді

4 Декабря, 2018, 17:30 2895
Димаш Құдайберген сұлулық байқауына өзінің суреті бейнеленген әуе лайнерімен келеді |  | BNews.kz

Димаш Құдайбергеннің атымен аталатын ұшақ Қытай елінің ішкі рейстерінде ұшады.

8 желтоқсанда Димаш Құдайберген Қытай Халық Республикасының Санья қаласында өтетін "Әлем аруы-2018" халықаралық сұлулық байқауына өзінің суреті бейнеленген ұшақпен келеді. Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Instagram әлеуметтік парақшасында Димаш өзінің суреті бейнеленген ұшақтың фотосын жариялады.

"Әлем аруы-2018" байқауында көріскенше", - деп жазды әнші жарияланған суреттің астына.

Биыл Санья қаласында өтетін "Әлем аруы-2018" халықаралық сұлулық байқауына Қазақстанның атынан Екатерина Дворецкая сынға түседі. Отандасымызды қолдау мақсатында байқауға әнші Димаш Құдайберген барады.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің атымен аталатын жолаушылар ұшағы Қытай елінің ішкі рейстерінде ұшады.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13987

Похожие новости