Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды

07 ақпан, 2019, 11:29 10681
Димаш Құдайберген

Қазылар алқасы қазақстандық әншіге 100 балдан 98 балл қойды.

Димаш Құдайберген америкалық CBS телеарнасында көрсетілген "The World's Best" шоуына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.

Әнші "S.O.S d'un terrien en détresse" әнін орындады. Қазылар алқасы оған 100 балдан 98 балл қойды.  

Америкалық қазылар алқасы Дрю Бэрримор, Ру Пол және Фэйс Хилл Димашқа 50 балл берсе, халықаралық сарапшылар – 48 балл.

Шоу АҚШ-та 6 ақпан күні кешке Лос-Анджелес уақытымен 20:00-де көрсетілді.

The World's Best (Әлемдегі үздіктер) шоуы – дарынды адамдар туралы бағдарлама. Телебағдарламаның продюсерлері – Марк Бёрнетт пен Майк Дарнел. Қазылар алқасының қатарында актриса Дрю Бэрримор, Ру Пол, Фэйт Хилл және бүкіл әлем бойынша 50 сарапшы бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар