Димаш Құдайбергеннің Кремльде өтетін жеке концертіне билеттер сатылымы басталды

18 желтоқсан, 2018, 13:58 1760
Димаш Құдайбергеннің Кремльде өтетін жеке концертіне билеттер сатылымы басталды

Концерт 2019 жылдың 22 наурызында өтеді.

Мемлекеттік Кремль сарайында келесі жылдың көктемінде қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті болады. Билеттер сатылымы басталып та кетті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Билеттерді бүгіннен бастап www.icetickets.ru сайтынан алуға болады. 22 наурыз. Ресей. Мәскеу. Кремль сарайы", - деп жазды әнші Instagram-дағы өзінің парақшасында.

"22 наурызда Ресейдің жүрегі Мәскеуде менің алғашқы жеке концертім өтеді. Мемлекеттік Кремль сарайында барлығыңызды күтемін", - деп атап өтті Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, билеттердің құны 1000 рубльден бастап 12000 рубльге дейін (5000 теңгеден 60000 теңгеге дейін) бағаланады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Димаш Құдайберген АҚШ-тағы Бруклинде өтетін Игорь Крутойдың шығармашылық кешінде өнер көрсетеді. "Өмірде 65 жас бір рет қана болады" атты шығармашылық кеш 2019 жылдың 6 қазанында өтеді деп жоспарланып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар