Димаш Құдайбергеннің Screaming бейнебаяны ресейлік телеарнада ең көп дауыс жинады

19 қазан, 2018, 11:42 3459
Димаш Құдайбергеннің Screaming бейнебаяны ресейлік телеарнада ең көп дауыс жинады

Сайыстың шартына сәйкес бұл клип енді "МузТВ" телеарнасында тегін ротацияға ие болды.

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "Screaming" әніне түсірілген бейнебаян Ресейдің МУЗ-ТВ телеарнасының "Музраскрутка" бағдарламасы арқылы көрермендер арасында ең көп дауыс жинады. Бұл туралы әншінің әкесі әрі продюсері Қанат Айтпаев Facebook-тегі өзінің парақшасында жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бір ай көлемінде интернет арқылы өткізілген жарыс нәтижесі бойынша Димаштың орындауындағы аталмыш ән жалпы есепте 97% дауыс жинап жеңімпаз атанды. Сайыстың шартына сәйкес бұл клип енді "МузТВ" телеарнасында тегін ротацияға ие болды. Дауыс беріп, үлкен қолдау білдірген барлық жанкүйер, тыңдарман қауымға үлкен алғыс айтамыз!", - деп жазды Қанат Айтпаев.

Айта кетейік, МузРаскрутка бағдарламасының әрбір көрсетілімінде телеарна 6 жаңа бейнебаян көрсетеді. Бір ай көлемінде көрермендер өздеріне ұнаған видеоға сайтта дауыс береді. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар