Димаш Құдайбергенов қытайлық ең бай бизнесменнен сыйлық алды

09 қараша, 2017, 10:57 2130
Димаш Құдайбергенов қытайлық ең бай бизнесменнен сыйлық алды

Алайда, сыйлық қорабында нақты не бар екенін Димаш құпия сақтауды жөн санады, деп хабарлайды BNews.kz.

Қытайлық кәсіпкер, Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ ең бай Қытай азаматы Джек Ма қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновке сыйлық тарту етті. Бұл туралы атақты әнші өзінің Instagram парақшасында оқырмандарымен қуана бөлісті.

«Әлемдегі ең танымал ондыққа кіретін «Ali baba» компаниясының жетекшісі Джек Ма мырзаның ұсынған сыйлығы. Ықыласыңызға рахмет!», - деп жазды Димаш Құдайбергенов.

Фото: Димаш Құдайбергеновтің Instagram парақшасынан

Әнші Джек Ма мырзаға алғысын білдірді және сыйлық қорабын әлеуметтік желіде жариялады, бірақ ол бизнесменнің нақты не сыйлағанын ашып айтқан жоқ.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергенов Қытайда өткен «I Am a Singer» шоуына қатысқан соң аса танымалдылыққа ие болды. Кейіннен қазақстандық әншінің керемет дауысына тәнті болған франциялықтар оны Еуропаның танымал телеарналарының біріне құрметті қонақ етіп шақырды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөліскен болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар