Димаш Құдайбергенов қытайлықтарды Жаңа жылмен құттықтады - Жаңалықтар | BNews

Димаш Құдайбергенов қытайлықтарды Жаңа жылмен құттықтады

17 ақпан, 14:25 1113
Димаш Құдайбергенов қытайлықтарды Жаңа жылмен құттықтады

Жаңа жылдың алғашқы кешінде Димаш тікелей эфирде Қытайдағы атақты "Spring Festival Gala" фестивалінде өнер көрсетті.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытай халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Өзінің құттықтауын ол Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.

Димаш Құдайбергенов ССTV телеарнасының тікелей эфирінен әлемге әйгілі "Spring Festival Gala" фестивалінде өнер көрсетіп, шын жүректен музыкалық сый тарту мүмкіндігіне ие болғанына қуанышты екенін ерекше атап өтті.

"Қымбатты менің тыңдармандарым! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын! Менің ұлы Отаным Қазақстанның атынан және өз атымнан сіздерге бар жақсылықты тілеймін! Сіздердің алдыңызда "Spring Festival Gala" фестивалінде өнер көрсетіп, шын жүректен музыкалық сый тарту мүмкіндігі бұйырғанына өте қуаныштымын! "Spring Festival Gala" 1983 жылдан бастап ССTV телеарнасынан тікелей эфир арқылы бүкіл дүниежүзінде көрсетіледі. 2012 жылы бұл мерекелік концерт Европадағы танымал 180 млн телекөрерменi бар "Eurovision" əн байқауынан асып түсіп, ең көп телекөрермендер көретін бағдарлама ретінде рекордтық Гиннестің қызыл кітабына енді. Ал 2018 жылы "Spring Festival Gala "фестивалін əлемде 1,5 миллиардтан астам адам көрді. Əртүрлі жылдары бұл көнцертте есімі аңызға айналған Софи Марсо, Селин Дион, Джеки Чан сияқты əйгілі, атақты жұлдыздар қатысқан", - деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қытайлықтарды орталық телеарна эфирінен Жаңа жылмен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауын Аспан асты елінің жаңалық тарататын ең басты телеарнасы – CCTV-13-тен көрсетті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары