Димаш Құдайбергенов жаңа ән жазды - Жаңалықтар | BNews

Димаш Құдайбергенов жаңа ән жазды

20 наурыз, 18:02 4741
Димаш Құдайбергенов жаңа ән жазды

Әнші өзінің Instagram парақшасында қолдау білдірген барлық жанкүйеріне алғыс айтты.

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергенов "Любовь и идол" атты жаңа қытай телехикаясына Restart My Love деп аталатын жаңа композициясын жазды. Бұл туралы ол Instagram парақшасына әннің үзіндісін салу арқылы хабарлады.

Димаш қолдау білдірген барлық жанкүйеріне алғыс айтты.

"Менімен үнемі бірге болғандарыңыз үшін сіздерге рахмет, қымбаттыларым".

Әншінің жанкүйерлері қытай тіліндегі жаңа әнді QQ Music музыкалық порталынан жүктеп ала алады.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергенов өткен жылы I'm a Singer танымал қытай тележобасына қатысып, екінші орынды иеленген. Қазақстандық әнші миллиондаған көрермендердің жүрегін жаулап, тек елімізде ғана емес, сондай-ақ Қытай және басқа да Еуропа елдерінде ең танымал әншілердің біріне айналды

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары