Димаш өзінің қарындасымен Селин Дионның хит әнін орындады

29 сәуір, 2018, 14:43 3360
Димаш өзінің қарындасымен Селин Дионның хит әнін орындады

Желіде қазақстандық әнші мен оның қарындасы Раушан "All By Myself" әнін орындаған видеосы пайда болды.

Желіде қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергенов өзінің қарындасы Раушанмен ән айтқан видеосы жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz.

Димаш Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай Астанаға келіп, Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясынан кейін болған концертте ән шырқады.

Ағасы мен қарындасының дуэты атақты Селин Дионның "All By Myself" әнін орындады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Димаш Құдайбергенов #әнші #ҚХА #концерт

Читайте также

Похожие новости