Димаш Qazaqstan телеарнасындағы Жаңа жылдық бағдарламаның басты қонағы болады

27 желтоқсан, 2018, 10:39 3248
Димаш Qazaqstan телеарнасындағы Жаңа жылдық бағдарламаның басты қонағы болады

31 желтоқсан күні Ұлттық арнада "Жарнамасыз жаңа жыл" акциясы болады.

Димаш Құдайберген Qazaqstan Ұлттық арнасының Жаңа жылдық бағдарламасында басты қонақ болады, деп хабарлады телеарнаның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Ұлттық арнаның мәліметінше, Жаңа жыл қарсаңында, яғни 31 желтоқсан күні "Qazaqstan" Ұлттық арнасы "Жарнамасыз жаңа жыл" акциясын бастайды. Яғни, бір күн бойы Ұлттық арна эфиріндегі бағдарламалар мүлдем  жарнамасыз көрсетілетін болады. 

Мерекелік күндерге орай, Ұлттық арна өз көрермендеріне қызықты шоу-бағдарламалар мен арнайы жобалар дайындап отыр.

"Айта кетсек, кішкентай көрермендер әйгілі "Walt Disney" кинокомпаниясының үздік анимациялық фильмдерін тамашалай алады. 31 желтоқсан күні 11:15-те "Ханшайым мен Құрбақа" көрсетілсе, 1 қаңтарда 11:45-те "Пингвиндер биі", ал, 2 қантар күні 13:20-да "Жұлдызды төбет" және тағы басқа анимациялық фильмдермен толығады. Бұл анимациялық фильмдердің барлығы "Қазақстан" корпорациясының кинокөрсетілім және дубляж бөлімінде аударылып, дыбысталған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 31 желтоқсан күні 14:25-те "Алатауым – алтын ұям" атты Республикалық ақындар айтысының 1 бөлімінің тұсаукесері болмақ. Ал, айтыстың  жалғасын, 2 және 3 бөлімдерін  1 қаңтарда 15:35-те және 2 қаңтарда 14:40-та көруге болады. Ұлттық арна әзілсүйер көрермендеріне арнап 18:10-да, "Қазақстан" корпорациясының "Алтын қорында" сақталған, кезінде кеңінен танымал болған "Тамаша" ойын-сауықтық бағдарламасын тарту етпек. Көрермен көзайымына айналған бағдарламаға  еліміздің біртуар әртістері - Құдайберген Сұлтанбаев, Тоқсын Құлыбеков, Мейірман Нұрекеев және тағы басқалар қатысқан болатын.

Одан басқа, 19:45-те Әлішер Кәрімов, Луина сынды белгілі әншілер және "Формат" тобының қатысуымен "Әзіл әлемі" ток-шоуының жаңа жылдық шығарылымы көрерменге жол тартады.

Сондай-ақ, баспасөз хабарламасында атап өтілгендей, Ұлттық арнаның көрермендеріне ұсынатын ең басты сыйы – "20.19 Басты арнадағы Жаңа жыл" атты музыкалық шоу-бағдарламасы эфирге 21:50-де және 00:00-де шығады. Мерекелік шоуда қазақ эстрадасының Мақпал Жүнісова, Бекболат Тілеухан, Жанар Доғалова, Ерке Есмахан, Қайрат Түнтеков, Зируза, Ринго тобы және тағы басқа танымал әншілер өз өнерлерін көрсетеді. Ал, "20.19 Басты арнадағы Жаңа жыл" шоу-бағдарламасының бас қонағы әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген болмақ. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#Димаш Құдайбергенов #әнші #телеарна #жаңа жыл

Читайте также

Похожие новости