Димаштың америкалық шоуда көрсеткен өнерін қазақстандықтар 7 ақпанда көре алады

06 ақпан, 2019, 18:41 1784
Димаштың америкалық шоуда көрсеткен өнерін қазақстандықтар 7 ақпанда көре алады

Шоу америкалық CBS телеарнасында көрсетіледі.

Димаш Құдайбергеннің Америкадағы "The World's Best" ("Әлемдегі үздіктер") шоуында көрсеткен өнерін қазақстандықтар 7 ақпан күні Астана уақытымен таңғы сағат 7:00-де көре алады, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазір оның орындаған әнінің тизері YouTube-та жарияланған. Әнші "S.O.S d'un terrien en détresse" әнін орындаған.

"Ерекше дауыс ырғағы үйлескен әнші. Сен "The World's Best" шоуын құрудың себепкерісің", - деді қазылар алқасының бірі.

Шоу АҚШ-та 6 ақпан күні кешке Лос-Анджелес уақытымен 20:00-де көрсетіледі. Қазақстандық әншінің көрсеткен өнерін мына сілтеме бойынша көруге болады.

Сондай-ақ, сүйікті өнерпазға @theworldsbestcbs в Twitter ресми парақшасында онлайн түрде дауыс беруге болады.

"Сәрсенбі, 6 ақпанда Лос-Анджелес уақыты бойынша 20:00-де ЛЕМДЕГІ ҮЗДІКТЕР (...) атты дарындылар байқауының екінші бөлімінің көрсетілімі басталады. Қатысушыларға дауыс беру мүмкіндігі бар. Көрсетілім басталған уақыттан бастап Твиттер арқылы өзіңіздің сүйікті өнерпазыңызға дауыс беріңіз! Твиттерде @theworldsbestcbs парақшасын іздеңіз!", - деп жазды шоудың сарапшысы Гаухар Нұртас өзінің Instagram-дағы парақшасында.

The World's Best (Әлемдегі үздіктер) шоуы – дарынды адамдар туралы бағдарлама. Телебағдарламаның продюсерлері – Марк Бёрнетт пен Майк Дарнел. Қазылар алқасының қатарында актриса Дрю Бэрримор, Ру Пол, Фэйт Хилл және бүкіл әлем бойынша 50 сарапшы бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#Димаш Құдайбергенов #шоу #АҚШ

Читайте также

Похожие новости