Disney-дің тағы бір кейіпкері қазақша сөйледі

22 қараша, 2018, 10:58 1965 Астана
Disney-дің тағы бір кейіпкері қазақша сөйледі

Анимациялық фильмнің дубляжына 50 актер, сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері мен "Балапан" телеарнасының кішкентай актерлері қатысты.

Бүгін "Болашақ" корпоративтік қорының қолдауымен қазақ тіліне дубляждалған "Ральф против интернета/Ральф интернетке қарсы" 26-фильмі жарыққа шығады, деп хабарлайды BNews.kz корпоративтік қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл анимациялық фильмнің алдын ала көрсетілімдері Астана және Алматы қалаларында өтті, фильмді жас көрермендер де, ересектер де өте жылы қабылдады.

Компьютер ойындарының кейіпкері, ебедейсіз "жауыз" – алып Ральф туралы комедиялық анимациялық фильмі – 2012 жылғы хиттың жалғасы. Ральф өзінің абыройсыз рөлінен шаршап басқа ойындар әлеміне ерлік жасауға барады. Алты жылдан кейін Ральф кішкентай досы – Ванилопа жарысқышпен бірге тың белестерді Интернеттің шексіз кеңістігінде бағындыруға аттанады. Ол бұл жерде ешкімнің де қабілеті жетпейтін сондай хаос тудырады.

Неліктен Disney фильмдерін қазақ тілінде тамашалаған қызықты?

Бар болғаны сегіз жыл бұрын ғана шетелдік фильмдерді қазақ тілінде көруді армандаған едік. Қазір біздің туған тіліміз "Disney" отбасында және басқа да голливуд студиясында лайықты орынға ие болды. Сондықтан, сіз "Disney" анимациялық фильмін қазақ тілінде көрген кезіңізде, оның ағылшын, орыс немесе басқа тілдегідей керемет шығатынына сенімді боласыз. Дубляждау үдерісі біршама күрделі іс, "Disney" барлық басты кейіпкерлерінің қазақша дауыстарын растайды. Бұл дыбыстаулар кейіпкердің тембріне ғана, емес сондай-ақ оның мінезіне де сәйкес келуі қажет. Дубляж жасау – фильмді басынан аяғына дейін ойнап шығу деген сөз, тек өз тіліңде. Авторлық ойдың тура берілуі үшін аударманы ағылшын тілінен қазақ тіліне бірден жасайды. Диалогтарды аударғанда персонаждың тура сол тілде сөйлеп тұрғандай етіп әсер қалдыруы мақсатында кейіпкерлердің артикуляциясының дәл келуіне назар аударылады.

"Сүйікті кейіпкерлерімен қазақ тілінде тілдесе отырып, біздің балаларымыз мемлекеттік тілде сөйлеуге көбірек талпынатын болады. Біздің Қор балалар анимациялық филмдерін қазақ тілінде көрсетілімге ұсыну шараларын бірнеше рет ұсынған болатын. Мәселен, салықтық преференциялар кинотеатрлардың осындай сеанстарды көрермендерге ыңғайлы уақытта қоюына ынталандыруы мүмкін еді. Бірақ біздің осы норманы енгізу ұсынысымыз жақында қабылданған Кинематография туралы заңда ескерілген жоқ. Біз, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бұл қажеттілікті қалайда назарға алатынына сенеміз, өйткені ол қазақ тілі мен біздің балаларымыздың болашағымен тікелей байланысты", - деп санайды "Болашақ" корпоративтік қорының директоры Динара Чайжунусова.

"Ванилопа Фон Кекс" персонажының басты рөліне 8 актриса, "Шэнк" персонажының рөліне – 5 актриса, "Иесс" рөліне – 3 актриса, "Ральф" рөліне – 6 актер, "Спамли" рөліне – 10 актер сыналды. Жалпы алғанда "Ральф против интернета/Ральф интернетке қарсы" фильміне Астана, Алматы, Орал, Қарағанды қалаларынан 50 актер, сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері мен "Балапан" телеарнасының кішкентай актерлері қатысты.

"Ральф" персонажының рөлін актер Жәнібек Мусаев орындады, "Сержант Калхунды" – актриса Алтынай Нөгербек сомдады, ол режиссер Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" фильмінде басты рөлді ойнаған.

Бәрінен бұрын Ванилопа фон Кекс кейіпкерінің дауысын сомдау қиынға соқты. Ағылшын және орыс тіліндегі нұсқаларын әйгілі стенд-ап әртістер – Сара Сильверман және Comedy Woman-дағы Наталия Медведева сомдады. Бұл рөлге харизматикалық әрі бала үніне сәйкес дауысты іздедік. Осы параметрлер бойынша көптеген әйгілі қазақстандық актрисалар және тележүргізушілердің дауыстары сәйкес келмеді. Ақырында жас актриса Инабат Әбенова таңдалды, ол үшін бұл Ванилопа фон Кекс рөлі кең дубляждағы ең алғашқы рөлі болып саналады.

Фильмде "спам" және ағылшынның Стенли атынан шыққан – Спамли деген кейіпкер бар. Біз оған Спамбай деп ат бердік. Ал Ванилопа фон Кекс қазақша нұсқасында Ванилопа фон Шекерге (қаз.т. "шекер" - сахар) айналды. Фильмдегі кей сәттерде Ральф eBay интернет-ресурсының атауы есіне түсіре алмайды. Ральф оны үнемі бұрыс айтып жүреді. Міне, осы жерде біздің "ойбай" сөзіміз дәлме-дәл келе қалды. Сахналардың бірінде "Батыл жүрек" анимациялық фильмінің Мерида ханшайымы пайда болады. Ол түпнұсқада ағылшын тілінде таза шотландық акцентпен сөйлейді, ал қазақша нұсқада оған "оңтүстіктік" акцент қосылды. Фильмде халықаралық интернет терминдері көп және қазақша дубляжда өте сәтті ойналды.

"Disney" кәсіби дубляждың белсенді дамуы үшін жақсы мектеп болды. Және де әрбір жаңа жоба біздің тіліміздің өте икемді әрі жанды екенін көрсетеді. Ол голливудтық бейнелерде өте тамаша шығады!", - деді дубляждың режиссеры Шах-Мурат Ордабаев.

Қазақ тілін үйренгісі келетіндер үшін, осындай бейнелі сөздерді тыңдау қабілетін, айтылуына мән беруді, сондай-ақ өзінің лексикасын тірі әрі қызықты диалогтар, мемлекеттік тілдегі есте тез сақталатын әндер арқылы толтыруға көмектеседі.

Анимациялық фильмде сомдауы қиын, бірақ дыбыстау өте қызықты персонаждар өте көп. Мысалы, Ральф пен Ванилопа фон Кекске Google, YouTube және тағы басқа сервистер бойынша миллиардтаған адамдар "кезіп жүрген" жерде интернетке кіруге жол ашылған кездегі сахналар. Және де дубляжда мұны көпдыбысты қазақ тіліндегі интернет екендігін көрсетті.

Көріністе трейлерде көрініп тұрғандай, Ральф пен Ванилопаның кездесестін кейіпкерлерінің көпшілігі  "Disney" студиясының кейіпкерлері.

Ең жарқын көріністердің бірі – Disney-дің барлық ханшайымдарының бірден пайда болуы. Трейлерде Ариэль, Белль, Жасмин, Покахонтас, Мулан, Тиана, Рапунцель, Эльза, Анна, Мерида, Моана, Күлшеқыз, Ақшақар және Аврора барлығы да көрінеді.

"Ханшайымдарды дыбыстау Дарта Вейдердің төбелестерін немесе "Ғаламшар күзетшілерін" дыбыстағаннан қиын болады деп ешқашан да ойламаппын", - деп мойындады дубляждың режиссеры Шах-Мурат Ордабаев.

Айта кетейік, фильмде C-3PO андроид пен "Жұлдыздар шайқасындағы" Лея ханшайым да, Темір адам мен Marvel Comics комикс туындыларынан Гамор да пайда болады.

Шетелдік фильмдерді дубляждау – бұл, мемлекеттік тілді дамыту бойынша маңызды әлеуметтік жоба. Міне, 7 жыл бойы осының ұйымдастырушысы "Болашақ" корпоративтік қоры жұмыс жасап келеді. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар