"Дос-Мұқасанның" негізін қалаушысының жаңа лауазымы туралы БҒМ вице-министрі пікір білдірді

13 ақпан, 2018, 18:08 996

Досым Сүлеев Алматыдағы сейсмология институтының директоры қызметіне тағайындалды.

Алматыдағы сейсмология институтының директоры қызметіне тағайындалған "Дос-Мұқасан" тобының негізін қалаушысы Досым Сүлеевтің жаңа лауазымы туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова пікірін білдірді, деп хабарлайды  BNews.kz.

"Бұл сейсмология институты дербес акционерлік қоғам. Менің білуімше, бұл кісі ҚР Білім және ғылым министрлігінде де, жоғарғы оқу орнында да жұмыс істеген, сәйкесінше ғылыми дәрежелері бар, оның атқарған қызметтерінің тізімі өте үлкен. Яғни ЖОО-ның басшылығы шешім қабылдаған кезде, менің ойымша, қызметкер біліктілік талаптарына сәйкес келуі қажет", - деді Бибігүл Асылова.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #вице-министр #жаңа қызмет #Досым Сүлеев

Читайте также

Похожие новости