Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

11 ақпан, 2019, 09:13 7654
Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Тек еліміздің батысы мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстанның басым облыстарының кей жерлерінде қар жауады, тек батыс және орталық Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтілуде, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-22 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қызылорда,  Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.   

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар