Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

26 қараша, 2018, 09:32 196
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады.

Қазақстанның басым бөлігі әлі де белсенді фронталды ағындар әсерінде болуына байланысты, жауын-шашын жауып, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста қар жауады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 20-25 м/с күшеюі, түнде тұман болуы ықтимал. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі, тұман түсуі, бұрқасын күтіледі, Солтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының  кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлеріндебұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!