Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

03 желтоқсан, 2018, 09:39 195
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, батыста көктайғақ болады.

Еліміздің басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Тек солтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар, оңтүстік-батыста жауын-шашын, жел және бұрқасын соғады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, батыста көктайғақ болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Алматы облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсіп, кей жерлерінде 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде бұрқасын соғып, тұман түседі.

Атырау, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола, Қостанай, Түркістан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!