Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

12 қараша, 2018, 09:34 220 Астана
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Еліміздің басым бөлігінде ауа ағындарының өтуіне байланысты қар жауады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел соғады.

Aлматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан, Aқмола, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түсіп, қатты жел соғады.

Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерінде тұман түседі.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!