Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

05 қараша, 2018, 09:23 218
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Кей жерде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ пен бұрқасын болады.

Қазақстанның басым бөлігі белсенді фронтальды аумақта орналасқандықтан, ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерінде жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.

Aқмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей аумақта жел екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел күші 15-20 м/с, түнде кей аумақта желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Aтырау облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар