Дүниежүзілік банк сарапшысы: Қазақстан дұрыс бағыт ұстанған - Жаңалықтар | BNews

Дүниежүзілік банк сарапшысы: Қазақстан дұрыс бағыт ұстанған

06 желтоқсан, 10:23 881 Астана
Дүниежүзілік банк сарапшысы: Қазақстан дұрыс бағыт ұстанған

Стефка Славова Қазақстанның даму стратегиясының айқын көрінісі және экономикалық өсу жолдарының нақты жоспары бар екенін айтты, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда экономиканы дамыту стратегиясы жүзеге асырылуда және елдің жақын арада әрі болашақта дамуының нақты ұстанған бағыты бар. Бұл туралы Астанадағы инвестициялық форумда Дүниежүзілік банк тобының сауда және жаһандық бәсекеге қабілеттілік мәселесі бойынша жетекші экономисі Стефка Славова мәлімдеді.

Қазақстанға тұрақты экономикалық өсім үшін процестің барлық қатысушыларына, оның ішінде шетелдік инвесторларға тең жағдай жасау керек.

«Дүниежүзілік банк Қазақстанға алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге көмектесуге дайын. Тіпті осы жолда қателіктерге ұрынсаңыздар да аянбай, талпыныс жасаңыздар», — деді ДБ сарапшысы.

Сонымен қатар, Стефка Славова бүгінгі таңда жаһандық проблемалардың бірі — өмірдің барлық салаларын цифрландыру мәселесі екенін атап өтті. Бәсекеге қабілеттілік алдыңғы қатарға шықты, жаңа технологиялар өмірімізге жылдам енгізіліп жатыр. Аймақтарға ерекше көңіл бөлінуде.

Сарапшының пікірінше, Қазақстан үшін тағы бір мүмкіндік әрі сын-тегеурін — мұнай саласына тәуелділіктен арылу, өнеркәсіпті әртараптандыру.

«Сіздің елде табысты өсу мен жетістіктерге жетудің барлық мүмкіндіктері бар», — деді Стефка Славова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Индустрияландыру күні қарсаңында ҚР Үкіметі әлемнің 30 елінің инвесторларымен кездескендігін хабарлағанбыз. Астанада Қазақстан Үкіметі Индустрияландыру күні қарсаңында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың басшылық етуімен 100-ден астам ірі халықаралық компаниялардың өкілдерімен Қазақстанға инвестиция салудың өзекті мәселелерін талқылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар