ЕАЭО Үкімет басшылары Алматыда цифрландыру келешегін талқылауда

01 ақпан, 2019, 13:08 3166
ЕАЭО Үкімет басшылары Алматыда цифрландыру келешегін талқылауда

Бұл форум Еуразия инновациялық экожүйесін дамытуға бағытталған.

Бүгін Еуразиялық экономикалық одақ Үкімет басшылары цифрландыру мәселелерін талқылау үшін Алматыда бас қосты, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА.

Бұл форум Еуразия инновациялық экожүйесін дамытуға бағытталған. Жиынды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өткізіп жатыр. Биыл алқалы жиында әлемнің ірі ІТ компанияларының негізін қалаушылар, халықаралық ІТ технопарк басшылары, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Сингапур, Швейцария және ТМД елдері технологиялық индустриясының 50-ден аса өкілі озық тәжірибесімен бөліседі.

"Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0." аясында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Армения вице-премьері, Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының төрағасы пленарлық отырысқа қатысады.

Қатысушылар Еуразия технопарктерінің интеграциясы перспективаларын, ортақ инновациялық жобалар құру мүмкіндігін, ІТ саласындағы стартап компанияларды қолдау мәселесіндегі тәжірибелерімен бөліседі. Одан бөлек ЕАЭО цифрландыру күн тәртібіне сәйкес инновациялық экожүйе, 4.0  Индустриясының дамуы, тұрақты даму көрсеткіштеріне жету, ШОБ цифрландыру мәлесесіне бағытталған 5 панельді отырыс жоспарланған.

Айта кетейік, "Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0." дәстүрлі форумы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп келеді. Алқалы жиын ЕАЭО мүше елдері арасында цифрлық технологияларды біріге дамытуға бағытталған. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Алматы #форум

Читайте также

Похожие новости