ЕАЭО-ға мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрлері алғаш рет АӨК-тің өзекті мәселелерін талқылады - Жаңалықтар | BNews

ЕАЭО-ға мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрлері алғаш рет АӨК-тің өзекті мәселелерін талқылады

06 қазан, 18:27 1882 Астана
ЕАЭО-ға мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрлері алғаш рет АӨК-тің өзекті мәселелерін талқылады

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, Елбасының тапсырмасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрлерінің Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіп саясаты кеңесін құру туралы жиынына қатысты. ЕАЭО-ға мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрлері алғаш рет АӨК-нің өзекті мәселелерін талқылауға жиналды.

Мұндай форматтағы кездесу алғаш рет өткізілуде. Іс-шарада талқыланған мәселелердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы экспортын дамытуда маңызы зор.

Кездесу барысында сала басшыларының айтқан пікірлері ескерілетін болады. Ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеруде құрылған кеңестің орны ерекше болатынына тараптар сенім білдірді.

Сондай-ақ, кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіп саясатын жүзеге асыру, Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, экспорттың әлеуеті, тұқым шаруашылығы, ветеринарлық-санитарлық бақылау, Еуразиялық экономикалық одақта ветеринарлық дәрі-дәрмектерді тіркеу мәселелері сөз болды.

Кездесу соңында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрлері Еуразиялық экономикалық одақ әріптестері «Еуразиялық экономикалық комиссия өкімінің жобасы «Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесі шешімінің жобасы «Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіп саясаты кеңесі туралы» хаттамаларға қол қойды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары