Егер жер болмаса, оны әкімдіктерден алыңыздар – Сағадиев жатақхана салу туралы - Жаңалықтар | BNews

Егер жер болмаса, оны әкімдіктерден алыңыздар – Сағадиев жатақхана салу туралы

13 наурыз, 2018, 13:04 1615 Астана
Егер жер болмаса, оны әкімдіктерден алыңыздар – Сағадиев жатақхана салу туралы

Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрі коммуникациямен жабдықтау мәселелерін шешуді сұрады.

Қазақстанның Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші бастамасы аясында студенттердің өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа жатақханалар салу үшін әкімдіктердің жәрдемдесуін сұрады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Университеттердің, әсіресе мемлекеттік ЖОО-ның жатақхана салуға қажетті жері болады, біз әкімдіктерден жер учаскелері жоқ университеттерді өз деңгейінде жермен қамтамасыз етуді және соған сәйкес коммуникациямен жабдықтау мәселелерін шешуді сұраймыз", - деді Ерлан Сағадиев.

Министрдің сөзінше, жатақхана құрылысының болжамды сызбанұсқасы екінші деңгейлі банктермен, ЖОО-лармен, жатақхана салушылармен, Қаржы министрлігі мен Ұлттық банкпен келісілді.

"Қазіргі кезде бір төсек орынға сегіз жылға орташа есеппен 200 мың теңге төленеді. Біз оңтайлы субсидия жасауды ұсынамыз. Егер біз құрылысты мемлекет есебінен жүргізетін болсақ, онда бес жылда 225 млрд теңге қаржы жұмсаймыз, ал егер біз ұсынып отырған кестені пайдаланатын болсақ, тек 20 млрд теңге ғана жұмсалады", - деп атап өтті министр.

Осылайша, ЖОО-лар банктен келісімге негізделген несие алып, құрылыс компаниясын жалдауы және жатақхана салуы керек.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар