eGov арқылы 18 салық пен міндетті төлемдерді төлеуге болады - Жаңалықтар | BNews

eGov арқылы 18 салық пен міндетті төлемдерді төлеуге болады

01 тамыз, 12:56 1693
eGov арқылы 18 салық пен міндетті төлемдерді төлеуге болады

ЭЦҚ және порталда авторизациялану талап етілмейді. Көрсетілетін қызметтер көрсету нәтижесі электрондық түбіртек болып саналады.

eGov.kz порталында 18 жаңа салықтар мен міндетті төлемдерді төлеуге болады, деп хабарлайды BNews.kz "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияның хабарлауынша, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетімен бірге eGov.kz порталында "Салықтармен және басқадай міндетті төлемдерді бюджетке төлеу" қызметі іске қосылды.

Бұл қызмет салық төлеушілерге (жеке және заңды тұлғаларға) мынадай салықтар мен міндетті төлемдерді төлеуге мүмкіндік береді: корпоративтік табыс салығы (2 түрде); жеке табыс салығы (3 түрде); әлеуметтік салық; заңды тұлғалар және жеке кәсіпкер мүлiгіне салынатын салықтар; жер салығы (2 түрде); заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық; бірыңғай жер салығы; қосылған құн салығы (6 түрде); акциздер (12 түрде); арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы (10 түрде); экспортқа салынатын рента салығы(2 түрде); ойын бизнесіне салық (2 түрде); тіркелген салық; алымдар (10 түрде); төлемдер (15 түрде); кедендік төлемдер (27 түрде); басқа төлемдер (2 түрде), сондай-ақ баждар (2 түрде).

"Төлемді жүргізу үшін азаматтар салық төлеуші ретінде тіркелуі және төлемді жүргізу үшін қаражаттың болуы қажет. Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизациялану және БСН деректерін толтырып және керсінше заңды тұлға салықтарын төлеу мүмкіндігіне ие болады. ЭЦҚ және порталда авторизациялану талап етілмейді. Көрсетілетін қызметтер көрсету нәтижесі электрондық түбіртек болып саналады", - делінген хабарламада.

Еске салатын болсақ, бұрын порталда жеке тұлғалар үшін салықтардың 4 түрі ғана төлем үшін қолжетімді болатын: мүлікке салық, көлікке салық, жер салығы және өсімпұл, айыппұлдар, салықтарға берешегі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары