Екі баланы соғып кеткен полицейлер жұмысын жалғастыруда – Астана ІІД - Жаңалықтар | BNews

Екі баланы соғып кеткен полицейлер жұмысын жалғастыруда – Астана ІІД

23 шілде, 11:57 1702 Астана
Екі баланы соғып кеткен полицейлер жұмысын жалғастыруда – Астана ІІД

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаяу жүргіншілер жолында екі жасөспірім баланы соғып кеткен астаналық полицейлер жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы BNews.kz ақпараттық агенттігіне Астана ІІД-нің ресми өкілі Софья Қылышбекова хабарлады.

"Аталған факті бойынша сараптама жұмыстары тағайындалды. Қазіргі кезде тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Процессуалдық шешім сараптама жұмыстарының нәтижесіне сәйкес шығарылады. Жүргізушіге қатысты барлық материал толығымен жинақталды", - деді Астана ІІД баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, 20 шілде күні Астанадағы Сейфуллин мен Рахимов көшелерінің қиылысында полицейлер велосипед тепкен екі баланы патрульдік көлікпен қағып кетті.  Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2009 жылы туған баланы велосипедіне отырғызып кетіп бара жатқан 13 жастағы жеткіншек жаяу жүргіншілер жолынан жолға қарай шығып кеткен.

Сонымен қатар, бұл оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Кәмелет жасқа толмаған балалар медициналық мекемеге бармаған. Дерек Астана ІІД ЖБО бейне бақылау камераларының жүйесімен тіркелді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары