Екібастұзда 270 полиция қызметкері латын графикасы негізінде диктант жазды

07 желтоқсан, 2018, 13:12 2793 Павлодар облысы
Екібастұзда 270 полиция қызметкері латын графикасы негізінде диктант жазды

Екібастұз қаласы полиция басқармасының барлық жеке құрамы қазақ тілін тереңдетіп оқыту курсына қатысады.

Акция Тәуелсіздік күні қарсаңында және "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлады pavlodarnews.kz. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше диктант жазу қиынға соққан жоқ.

"Диктант жазу полицейлер үшін аса қиындық туғызған жоқ. Полиция қызметкерлері латын графикасының өте қолайлы екеніне және жазуда соншалықты қиын болмайтынына көз жеткізді. Жаңа қазақ әліпбиі 32 әріптен тұрады. Классикалық латын әріптерінен басқа, онда қазақ тілінің төл дыбыстарын белгілеу үшін алты диакратиялық белгі бар. Латын графикасына көшу 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен жүзеге асырылатыны қуантады", - деді департамент қызметкерлері.

Екібастұз қаласы полиция басқармасының барлық жеке құрамы қазақ тілін тереңдетіп оқыту курсына қатысады. Оқыту бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Қызметкерлер тілді меңгеру деңгейіне қарай топтарға бөлінеді. Сабақтарда көбінесе заңды терминдерді, басқарманың қызметін реттейтін басқа да материалдарды және құжаттарды құрастыруға баса көңіл бөлінеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар