Екібастұзда қоқысты өңдейтін іріктеу орыны іске қосылды

08 ақпан, 2019, 14:43 13273
Екібастұзда қоқысты өңдейтін іріктеу орыны іске қосылды

Желінің қоқыс өңдеу қуаттылығы жылына 35-тен 50 мың тоннаға дейін  жетеді.

Полигонның аумағында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша орналастырылған құрылғыда пластик, қағаз және шыны да өңделеді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен барған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов болды. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, желінің қоқыс өңдеу қуаттылығы жылына 35-тен 50 мың тоннаға дейін  жетеді.

"Біз екінші кезектегі шикізатты өңдейміз. Өңдеуге кетпейтін нәрсе пештерде жағылады", - деді "Полигон" шаруашылық құқығы негізіндегі кәсіпорынның директоры Қуандық Өтегенов.

Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, құрылғыны қолданысқа енгізу қоқыс шығару қызметі үшін тарифтерді тұрғындар үшін 5 пайызға азайтуға мүмкіндік берген. Қала басшылығы ендігі қоқысты жеке жинау үшін 200 еуроконтейнер сатып алған. Бұдан кейін өңір басшысы биылғы жылдың қаңтар айының ортасында Екібастұз қалалық сотының фронт-офисін аралады.

Тұрғындармен жұмыс жөніндегі орталықта әрі қарай өңдеу үшін ақпарат енгізіледі. Әртүрлі мемлекеттік органдармен байланыс, клиенттерге ақпарат жіберу, яғни, тұрғындармен байланыс бойынша жұмыс жүргізіледі.  Бүгінгі таңда фронт-офиске 800-ден астам адам жүгінген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Павлодар облысы #жұмыс орны #жоба

Читайте также

Похожие новости