​Шетелдік кәсіпорындармен тиімді келіссөздер жүргізу қажет – Р.Жақсылықов
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 366.43
EUR 420.11
CNY 52.87
RUB 5.58

​Шетелдік кәсіпорындармен тиімді келіссөздер жүргізу қажет – Р.Жақсылықов

26 қараша 2015 ж 16:00

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстанның Мұнай сервистік компаниялар одағы Президиумының төрағасы Рашид Жақсылықов шетелдік кәсіпорындармен тиімді келіссөздер жүргізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды BNews.kz.


Оның айтуынша, Елбасы шетелдік компаниялармен бірлескен одақ құруды ұсынып, отандық үлесті арттыруды тапсырған. Сондықтан шетелдік инвесторлардан қорықпай, оларды өз пайдамызға қарай пайдалануымыз керек.

«Мұнай сервистік компаниялар одағы Елбасының әлемдегі алдыңғы қатарлы компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құру туралы тапсырмасын орындауда бірқатар маңызды қадамдар жасады. Бұл өз кезегінде отандық компанияларды Дүниежүзілік сауда ұйымы қатарында бәсекеге қабілетті болуға дайындайды. Қазір елімізде Қазақстандық үлесті арттыру процесін қадағалайтын нақты бір органның жоқтығынан бұл бағытта әлі күнге дейін жүйелі жұмыс жүргізілмей келеді. Отандық үлес көлемін көбейту үшін бірінші кезекте шетелдік кәсіпорындармен тиімді келіссөздер жүргізу қажет. Шетелдік инсвесторлардан қорықпай, керісінше, көп нәрсені өз пайдамызға жаратып, үйреніп алуымыз керек», - деді ол.

Айта кеетйік, Қазақстанның Мұнай сервистік компаниялар одағы 2011 жылдың қазан айында құрылған еді. Одақтың мақсаты – Қазақстанның ірі мұнай газ жобаларында жергілікті үлесті арттыру, қазақстандық компаниялардың мұндай жобаларға көбірек қатысуын қамтамасыз ету.


Қатысты жаңалықтар: