Оңтүстік Корея ЕО-пен еркін сауда жөнінде келіссөз жүргізуде
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 372.49
EUR 424.15
CNY 54.02
RUB 5.54

Оңтүстік Корея ЕО-пен еркін сауда жөнінде келіссөз жүргізуде

24 наурыз 2009 ж 09:51

  АСТАНА. Наурыздың 24-і. BNews.kz /Сеул. Associated Press/ - Оңтүстік Корея өзінің ЕО-пен еркін сауда тәртібі жөніндегі алдын ала жасалған келісімін жария етті. Оңтүстік Корея Сыртқы істер және Сауда министрлігінің жауапты өкілдерінің мәлімдеуі бойынша, екі жақ та барлық мәселелер жөнінде мәмілеге қол жеткізіп отыр. Енді құжаттар мәтіні қарастырылуы үшін екі елдің Сауда министрлігіне жіберілетін болады, деп хабарлайды Associated Press. Естеріңізге сала кетейік, екі тараптың, яғни Оңтүстік Корея мен Еуроодақтың еркін саудаға қатысты келісім шарт жасау жөніндегі ақпараттары осыдан бірнеше күн бұрын пайда болған болатын. Қазір барлығы да шешуші сәтке аяқ басып, Корей жағы 8-ші сессияның достық рәуіште өткендігін баса айтуда. BNews.kz анықтамасы: Өзінің алғашқы еркін сауда жөніндегі келісімін Оңтүстік Корея 2004 жылы Чилимен жүргізіп, сәтті қол қойылды. Бұдан кейін Сингапур және құрамына Швейцария, Исландия, Лихтенштейн мен Норвегия кіретін Еуропалық ассоциациямен келісімге қол жеткізілді.