«Экспо-2017» студенттерге халықаралық жетекші ЖОО-лармен ынтымақтастық орнатуға жол ашты

10 қазан, 2017, 09:53 2967 Павлодар облысы
«Экспо-2017» студенттерге халықаралық жетекші ЖОО-лармен ынтымақтастық орнатуға жол ашты

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті облыста қолдану үшін «Экспо-2017» бірқатар перспективалы технологияларын іріктеді. 

Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында ЖОО ректоры Гаухар Ахметова мәлімдеді, деп хабарлады PrimeMinister.kz. порталы.

«Экспо-2017» С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттеріне халықаралық жетекші ЖОО-лармен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді», - деді Г. Ахметова.

Университет ректоры «Экспо-2017» көрмесінде университет ғалымдары табиғи ресурстарды рационалды пайдалану және жаңа, баламалы энергия көздерін қолдану бойынша15 инновациялық жұмысты ұсынғанын мәлімдеді.

Көрме аясында Нанкин университетімен өзара бағдарламаларды іске асыру бойынша келісім жасалды. Ғылыми білім беру алмасуы аясында студенттер тағылымдамадан және іс-тәжірибеден өту, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу, техникалық бағыт және халықаралық бизнес бойынша халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізу мүмкіндігіне ие болады.  

Университет ғалымдары «Экспо-2017» бірқатар жобаларын Павлодар облысының мекемелері мен кәсіпорындарына енгізу үшін ұсынды. Олардың ішінде: жел энергетика қондырғысы (Германия), жел генераторы қондырғысы (Түркия), сондай-ақ «Көгілдір көмір» технологиясы (Польша) жобалары бар.

Бұдан өзге, университет тағы екі жобаны іске асырады: көшені жарықтандыру мен фермерлік шаруашылықта кеңінен қолданысқа ие бола алатын күн батареяларымен жұмыс істейтін дербес шырағдандар (Үндістан), сондай-ақ электр энергиясын әзірлеу үшін жаяу жүргінші плиталарын пайдалану бойынша жоба (Ұлыбритания). Жүйені автомагистральдар мен ірі инфрақұрылымдық нысандарға, кірме жолдарға орнатуға болады.

Аталған жұмыстардың технологиялары «Жас ғалым» студенттік ғылыми-зерттеу бағдарламасы шеңберінде зерттеледі және келешекте Павлодар облысының әкімдігінің көмегімен университетті коммерциялау кеңсесі дамытады және ілгерілетеді.   

Сондай-ақ, университеттің 82 студентінің көрмеге ерікті ретінде қатысқаны атап өтілді, соның арқасында тілдік құзыретін сапалы жақсартты, баламалы энергетика саласындағы бірегей технологиялық жетістіктермен танысу арқылы түрлі ғылыми бағыттардағы зияткерлік әлеуетті дамыта алды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!